Ислам және отбасы жылына орай, уағыз-насихат өтті
Еліміздің Бас мүфтиі Серікбай қажы Ораздың биылғы жылды «Ислам және отбасы жылы» деп жариялағаны белгілі. Осыған орай, Атырау қаласына қарасты Жұлдыз елдімекеніндегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешітте тағылымды шара өтті.
«Неке пайғамбарлар сүннеті» тақырыбында өткен шарада Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешіттің Бас имамы Ардақ Жұмабекұлы ерлі-зайыптылардың міндеттері, отбасы құндылықтары мәселелері төңірегінде кіріспе сөз сөйлеп, уағыз-насихатты одан әрі Атырау қалалық «Әт-Тақуа» мешітінің Бас имамы Өсімхан Аманбайұлы жалғастырды.
Екі жүзге жуық жамағатқа дастархан жайылған тағылымды шара соңы сұрақ-жауапқа ұласты.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.