Ер мен әйелдің міндеттері тақырыбында уағыз айтылды
Еліміздің Бас мүфтиі Серікбай қажы Ораз биылғы жылды «Ислам және отбасы жылы» деп жарияланған болатын. Осыған орай, Индер ауданы «Әйіп қажы» мешітінде тағылымды шара өтті.
«Ер мен әйелдің міндеттері» тақырыбында айтылған уағызда «Әйіп қажы» мешітінің Бас имамы Ералы Камзагалиев осы тақырыпта Құран, хадистерден және ғұлама ғалымдардың өмірінен тұшымды дәләлдер келтіріп, бала тәрбиесі жөнінде де сөз қозғады. Соңы сұрақ-жауапқа ұласқан шараға қырық бес адам қатысты.