Доссор мешітін жамағат жөндеуден өткізді
Мақат ауданына қарасты Доссор кентінде орналасқан Доссор мұсылмандар мешітінде жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жергілікті жамағаттың қолдауымен жүзеге асқан игі істе Алланың үйіне деген ықылас пейілдерін аямаған бауырлар бірлесе жүріп біраз шаруалар атқарды.
Сауапты істен құр қалғысы келмеген жамағат ауызбіршілікпен жұмыстар жасады. Атап айтқанда, мешіттің жамағатқа арналған үлкен бөлмесіне миқраб салынып, барлық намаз бөлмелеріне жаңадан кілемдер төселді. Сондай – ақ, кітап қоятын сөрелер жаңартылып, электр шамдары ауыстырылып мешіттің сәнін келтірді. Жамағатқа арналған таһарат бөлмесіне де жөндеу жұмыстары жүргізілді. Есіктер сырланып, мешіт ішіне жаңа өң кіргендей болды.
Алла Тағала Құранда: «Намаз оқитын жерде (мешіттерде, т.б) әсемденіңдер, тазаланыңдар» - деген. Намаз шартында да тазалық басты назарға алынады. Осы қағиданы мақсат еткен Доссорлық мұсылман бауырлар игі істер атқара білді. Мешітке келіп дәріс алам деген бауырларға мешіт есігі әрқашан ашық екендігін де еске сала кетелік.
Доссор мұсылмандар мешітінің баспасөз-қызметі.
