Экстремизм мен терроризмнің алдын алу жолдары талқыланды
Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Н. Өмірбаевтың ұйымдастыруымен Құлсары қаласында «Экстремизм мен терроризмнің алдын алу жолдары» тақырыбында «дөңгелек үстел» шарасы өтті.
Іс- шараға Жылыой аудандық мешітінің Бас имамы А.Исаев, мешіт ұстазы Д.Сүлейменов, мемлекеттік қызметшілер мен құқық қорғау органдары өкілдері қатысты. Осы іс–шарада жат ағымдар туралы бейнеролик көрсетіліп, қатысушылар өз ойларын білдірді. Сондай-ақ, мешіт ұстазы Д.Сүлейменов жастарды адастырып жүрген уахабизммен-салафизмнің тармақтары және пайдаланатын әдіс тәсілдерін ашып көрсетіп, түсіндіріп берді.
Жылыой аудандық орталық
мешіттің баспасөз – қызметі.