«Наурыз» мерекесі аталып өтті
Атырау қаласы, Алғабас ауылы «Мәулімберген» мешітінің бас имамы М.Бағытжановтың бастауымен, «Алғабас» ауылы әкімшілігі мен жамағат ақсақалдары «Наурыз» мерекесінің тойланып өтуіне атсалысты.
Халық арасына дәстүр мен дін, шариғат пен халық салты, қасиетті Құран аяттары мен мақұлданған дәстүр негіздеріне терең тоқталып өтілді. Мерекелік дастархан барысында аталарымыздың батасы бірлік пен қазақ тектілігінің сақталуына, дін мен дәстүрдің жоққа шығарылмауына үнделді. Мереке ұлттық спорт ойындары мен жарысқа ұласты.
«Мәулімберген» мешітінің
баспасөз қызметі.