Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Шәкірттер емтихан тапсырды

Бұған дейін Атырау қаласына қарасты Жұлдыз елдімекенінде орналасқан Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешіттің жастар жамағатына «Әбу Ханифа және Ханафи» мәзһабы кітабының таратылғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Өткен жұмада онға жуық жас мешіт ұстаздары алдында емтихан тапсырды. Наиб имам Ақылбек Құрманғалиев пен мешіт қызметкері Қанат Зәдекешов жастардан емтихан алып, кітап бойынша сауалдар қойды. Көп ұзамай озық шыққан шәкірттерге жүлделер табысталады.

Айта кетелік, белгілі теолог - ғалымдар Алау Әділбаев пен Шәмшат Әділбаеваның бірлесіп шығарған кітабында имам Әбу Ханифаның өмірі мен шығармашылығы, ғалым ретінде қалыптасуы, тұлғалық қасиеттері, өскен ортасы мен сол дәуірдегі тарихи жағдай кеңінен сөз болады. Бұған қоса, ғалымның ақида мен фиқһ саласында қалдырған айшықты қолтаңбасы зерделеніп, Ханафи мәзһабының хадис әдіснамасы, өзіне тән ерекшеліктері сынды маңызды тақырыптар түсіндірілген.

Имам Ағзамның өмірі мен Ханафи мәзһабын тануға қызығушылық танытқан барша оқырман қауымға арналған еңбектің шәкірттер үшін зор рухани байлық болары сөзсіз.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.


Жоғарыға