Қуанышқа бөлеген мереке
Наурыз мерекесіне орай, Индер ауданы орталық саябағының маңында «Әйіп қажы» мешіті киіз үй тікті.
Киіз үйде «Айналайын» балабақша қызметкерлері тұсау кесу рәсімін ұйымдастырды. Аудан әкімі Серік Арыстан енді-енді қаз тұра бастаған бүлдіршіннің тұсауын кесіп, аудан имамы Ералы Қамзағалиев бата берді. Халыққа дастархан жайылып, наурыз көже, бауырсақ, әр түрлі тәттілер балаларға таратылды.
Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс-салтында бағзы замандардан орын алған. Айталық, Әбу Райхан Бируни, Омар Һайям сынды шығыс ғұламаларының еңбектерінде шығыс халықтарының Наурызды қалай тойлағандығы туралы мәліметтер мол. Дәстүрлі қазақ қоғамында Ұлыстың ұлы күні жыл басы саналады.
«Әйіп қажы» мешітінің баспасөз қызметі.