Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Атырауда штаттан тыс молдалар екі айлық семинар бойынша сынақ тапсырды

Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Атырау облысы бойынша өкіл имамы Батыржан Мансұровтың бастамасымен, орталық «Иманғали» мешітінде осыдан екі ай бұрын, Атырау қаласы және облыс орталығына қарасты елдімекендердегі мешіттердің штаттан тыс молдаларының біліктілігін арттыру семинары басталған болатын.

Кеше бесін намазынан кейін молдалар семинар қорытындысы бойынша сынақ тапсырып, білімдерін сарапқа салды. «Молдалардан Құранның оқылу тәртібі, фиқһ тақырыбы және өткен жылы мүфтияттың бастамасымен жарық көрген «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабы негізінде сынақ алынды. Молдалардың біліктілікті арттыру курсын нәтижелі меңгергені байқалады» дейді орталық «Иманғали» мешітінің наиб имамы Мұрат Мұстафаев. Сынақ алу жұмыстарына сондай ақ, облыстың бас мешітінің жауапты өкілдері Еламан Бигалиев пен Ержан Қағазғалиев қатысты. Айта кетелік, біліктілігін арттыру семинарынан бүгінде 28 молда сәтті өтті.

 

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.

 

Жоғарыға