Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Индер ауданы әкімі «Әйіп қажы» мешітіне Алғыс хат табыстады

Тарихи тамыры тереңге бойлаған Әз-Наурыз дана халқымызда қай кезде де еңсесі биік елдің, іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген. Индер ауданында өткен «Ырысың шалқысын, Ұлы елім!» атты шараға Индер аудандық орталық «Әйіп қажы» мешітіде қатысқан болатын.

Жақында Индер ауданы әкімшілігі осы шараға атсалсып қатысқан «Әйіп қажы» мешітінің Бас имамы Ералы Қамзағалиевпен мешіт жамағатына арнайы түрде алғыс білдірді. Алғыс хатты Ералы Қамзағалиевқа Индер ауданы әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов табыстады.

«Әйіп қажы» мешітінің баспасөз қызметі.




Жоғарыға