Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Жылыойда сенбілік өтті

Жылыой аудандық орталық мешітінің имамдарының ұйымдастыруымен жастар жамағаттары қатысуымен сенбілік өтті. Онда мешіттің ауласында тазалық жұмыстары жүргізіліп, ағаштардың түбі қопсытып, ақтау жымыстары жасалды. Дініміз Ислам тазалыққа өте қатты көңіл бөледі. Ардақты Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Тазалық — иманның жартысы» — деген. Тағы бір хадисінде: «Алла — жомарт, жомарт құлдарын жақсы көреді. Алла таза жүретін құлдарын да жақсы көреді. Ендеше, үйлеріңіздің маңайын да таза ұстаңыздар!» — деген. Алла Тағала Құран Кәрімде: «Алла Тағала көп тәубе етушілерді және тазалану шыларды жақсы көреді»- деген. Бұлөткізілген шара тазалықжұмысы болуыменқатар, жамағаттың ауызбіршілігінің де айқынкөрінісіболды.

 

Жылыой аудандық орталық

мешіттің баспасөз қызметі




Жоғарыға