Ақпараттық топқа тапсырмалар берілді
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі Батыржан Мансұров жергілікті ақпараттық-насихаттық топқа тапсырмалар берді.
Асыл дінімізді дәріптеу, ағарту міндеттері жүктелген насихаттық топқа жұмыс нәтижелері жөніндегі есеп беру үлгісі таныстырылды. Сондай ақ, насихаттық топ мүшелерінің білім, біліктілік деңгейі талқыланды.
Айта кетелік, Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру бойынша елімізде дін сұрақтары мен діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған ақпараттық жұмыстар жүргізілуде.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.