«Иман жастары» орталық мешітте бас қосты
«Иман жастары» ұйымының мүшелері кеше орталық «Иманғали» мешітінде құптан намазынан кейін бас қосты. Айлық отырыс барысында ұстаздар – Мұрат Мұстафаев пен Ержан Бегалиев Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) және сахабалар өмірі туралы уағыз айтты.
Сондай ақ, жастарға Абдусамат Қасымның «Дәлел-дәйектермен намаз оқу үлгісі» (Ханафи мәзһабы бойынша) кітабын оқу тапсырылды. Яғни, жастар бір ай ішінде кітапты оқып шығып, кейін ұстаздар алдында сынақ тапсыратын болады.
Айта кетелік, кітапта құлшылықтың ұлығы - намаз оқу үлгісі Ханафи мәзһабы бойынша кеңінен түсіндіріліп, даулы мәселелерге хадистерден нақты дәлелдер келтіріледі.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі.