Әт –тақуа мешіті үш айлық курсты аяқтаған шәкірттерді марапаттады
Атырау қаласындағы Әт-тақуа мешіті жанындағы үш айлық курсты аяқтаған шәкірттер марапатталды.
Құран әліппесін меңгерген шәкірттердің саны он бесті құрады. «Бұл мешітімізде алғаш рет ұйымдастырылып отырған курс. Барлық сабақтарда да шәкірттердің ерекше ынтамен ілімге ұмтылғанын атап өткеніміз жөн» дейді курс ұстазы Арыстан Мұхамедкәрім.
Салтанатты жағдайда өткен марапаттау шарасы кезінде Әт-тақуа мешітінің Бас имамы Өсімхан Аманбайұлы «Сендердің ең қайырлыларың – Құранды үйреніп әрі оны үйреткендерің» тақырыбында уағыз айтты. Кейін ақ дастархан басында еркін форматта сұхбат құрылып, шәкірттерге діни кітаптар, тасбих сыйға тартылды.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.