Жылыой мешіті жеңімпаздарын құттықтады
Қасиетті Құран – Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша жетінші республикалық Құран байқауының Атырау облысы өкілдігінде іріктеу туры өткендігі туралы бұған дейін хабарланған болатын.
Орталық «Иманғали» мешітінде екі кезең бойынша өткен жарысқа Жылыой ауданының атынан қатысқан Балтабай Ұлан мен Саламат Иманғалиев Құранды мәнерлеп оқуда екінші және үшінші орындарды иеленген еді. Жуырда «Жылыой мұсылмандар» орталық мешітінің Бас имамы Арман Исаев жеңімпаздар Балтабай Ұланға 75 мың теңге, Саламат Иманғалиевке 50 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы және сертификатты жамағат алдында табыстады.
Айта кетелік, Алматы қаласында өтетін жетінші республикалық Құран байқауында Құранды мәнерлеп оқудан Атырау облысының намысын Балтабай Ұлан қорғайтын болды. Алла Тағала шәкіртіміздің мерейін үстем қылсын деп тілейміз.
«Жылыой мұсылмандар» орталық мешітінің баспасөз-қызметі.
