РАНТ мүшесі имамға бағыну мәселесі туралы уағыз айтты
Атырау өңіріне бүгінгі жұмыс сапары аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қажылық бөлімінің діни кеңесшісі, Республикалық ақпараттық насихаттық топ мүшесі Бауыржан Әлиұлы Құптан намазы алдында жамағатпен жүздесті.
Ұстаз Бауыржан Әлиұлы «Иманғали» орталық мешітінде өткен жамағатпен жүздесуде «Бір имамға бағыну ел берекеті» тақырыбында уағызын айтты.
«Діни қызмет мәртебелі міндет. Және имамдардан бұл міндет жоғары адамгершілік құндылықтар талап етеді. Ислам діні береке мен бейбітшіліктің бастауы десек, имам жамағатқа осынау ізгі мақсатты дәріптеуші» деп атап өтті ұстаз Бауыржан Әлиұлы.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз - қызметі.