Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Еріктілер мешіт аумағын тазалады

Бүгін орталық «Иманғали» мешітінде сенбілік болып өтті. Орталық «Иманғали» мешіті жанынан құрылған «Иман жастары» еріктілер тобы мен әйел жамағаты бірлесе атсалысқан шара аясында Алла үйінің ауласы және сыртқы аумағы тазартылып, ағаштардың түптері әктелді.

«Тазалық қашанда денсаулықтың кепілі. Біз өз еркімізбен мешіт үйіне тазалық жұмыстарын жүргізу арқылы, қасиетті ораза қарсаңында сауапты іспен өзгелерге үлгі болғымыз келді. Және мұндай көпшілік біріккен жұмыстар жамағат арасындағы ауызбірлікті де арттырады» дейді сенбілікке атсалысқан еріктілер.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.





Жоғарыға