Бас имам Сағыз жұртшылығымен жүздесті
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкіл имамы Батыржан Мансұров Қызылқоға ауданы, Сағыз селосына іс сапармен барды.
Жұмыс сапары аясында өкіл имам Батыржан қажы Мансұров Сағыз ауылында орналасқан «Абдулла хазірет» мешітінің жамағатымен кездесті. Кездесу барысында ұстаз Батыржан қажы Берденұлы «Ислам – бейбітшілік діні» тақырыбында уағыз жүргізді. «Қазақ халқында бірлігі бар ел озады» деген тамаша сөз бар. Исламның басты мақсаты да адамзатты бірлікке, ынтымаққа үндеу. Бұл туралы қасиетті Құран Кәрімде, әрі Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) хадистерінде керемет айтылған» деген ұстаз ауыл халқына Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың үлкен сәлемін жеткізді.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз - қызметі.