Мұқыр ауылына Бас имам тағайындалды
Қызылқоға ауданына қарасты Мұқыр ауылдық округінде орналасқан «Аманияз ата» мешітіне Бас имам тағайындалды.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораздың бұйрығымен Мұқыр ауылының Бас имамы қызметіне Мұхаммед Сапарұлы кірісті. Бұған дейін ол Атырау селолық мешітінің азаншысы қызметін атқарған болатын.
Жаңа имамды жергілікті жұртшылыққа Қызылқоға ауданының Бас имамы Мұрат Сұлтанов таныстырды. Имамның қызметіне Мұқыр ауылының әкімі Аман Жанұзақов, ардагерлер Ақниет Сақиев, Тарас Сермұқанов табыс тіледі.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі.
