Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Жұлдыз мешітінде құрылыс жұмыстары жүріп жатыр

Күллі мұсылман қауымы үшін қасиетті саналатын Рамазан айы қарсаңында Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешітте дайындық жұмыстары жүруде.

Атырау қаласы Жұлдыз елдімекенінде орналасқан мешіт ауласына қазіргі таңда төсемтастар төселіп, жүргіншілер қозғалысы үшін жағдай жасалды. Яғни, мешіт маңындағы жол мәселесі реттеліп, жаңаша реңкке еніп қалды. Сонымен бірге, бұрын мешіт ауласында әйел жамағаттың дәрет алуына жағдай жасалмаған болатын. Аз уақыт ішінде әйелдер дәретханасы іске қосылады деп күтілуде.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.


                                     
                         



Жоғарыға