Әр мұсылман білуі тиіс
Мұсылман білуі керек мәселелер қандай? Атырау қаласына қарасты Алғабас ауылында орналасқан «Мәулімберген» мешітінің наиб имамы Нариман Ермағамбетов жастар жамағаты арасында осы мәселеге байланысты уағыз айтты.
"Ең жақсы ұстаз кім? — Қайғы. Ең нашар ұстаз кім? — Рахатқа бөлену. Қандай қасиет ең сирек кездеседі? — Бере білу. Қай қасиет ең жақсы? — Кешіре білу. Ең керекті қасиет не? — Тыңдай білу. Қандай адам ең мықты? — Ақиқатты түсінген адам. Қандай адам ең әлсіз? — Өзін мықты санаған адам. Құдайға қандай адам жақын? – Мейірімді. Рухы мықты адам кім? — Өзін-өзі жеңген адам. Жан дертінің белгісі не? — Үмітсіздік. Жаман істің белгісі не? — Ашу. Жақсы істің белгісі не? — Жан тыныштығы". Мұсылман білуі тиіс мәселелер арасында осындай қарапайым сауалдарға қарапайым жауап та бар. Әр мұсылман Құран аяттары мен хадистерден, Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с), сахабалар өмірінен тағылым алса, ата-анасымен, жарымен, баласымен, қоғаммен көркем қатынаста бола білсе, кемел мұсылман сипатына лайық бола алады" деп атап өтті ұстаз Нариман Ермағамбетов.
Кездесу барысында "Мәулімберген" мешітінің наиб имамы Нариман Ермағамбетов жастардың көкейінде жүрген көп мәселелі сұрақтарға жауабын берді. Жиын соңында жамағаттарға рухани кітаптар сыйға таратылып, үлкендердің батасымен қорытындыланды. «Мәулімберген» мешітінің баспасөз - қызметі.