Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Еліміздің барлық мешіттерінде Тарауих намазы басталды

Еліміздің барлық мешіттерінде қасиетті ораза қарсаңындағы діни рәсімдер басталды. Орталық  "Иманғали" мешітінде Құптан намазынан кейін Тарауих намазы оқылды.

            Құлшылық айы басталар қарсаңында жамағаттың басын қосқан Тарауих намазынан бұрын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі Батыржан қажы Мансұров қасиетті Рамазан туралы уағыз айтты. "Алланың қалауымен санаулы сағаттардан соң сағына күткен берекеті мен шапағаты мол Қасиетті Рамазан айы да келді. Берекелі айда Алла Тағала жақсы көретін сауапты амалдарды жасап, Алланың сүйікті құлдарының қатарынан орын алуды барша мұсылманға нәсіп еткей. Баршаңызға кәміл иман, Алладан шынайы түрде қорқатын жүрек, қабыл болатын дұға, таусылмайтын таза ризық, шынайы тəубе мен Алланың алдында қабыл болған амалдарды тілеймін!" деген Бас имам Рамазанның кереметі туралы көптеген аят, хадистерге түсінік беріп өтті.

            Сондай ақ,  Бас имам Батыржан қажы Берденұлы Рамазан айында Тарауих намазын өткізуге және Құран оқуға арнайы шақырылған қари Садық Чордукты жамағатқа  таныстырды.

            Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз - қызметі. 

 

 

Жоғарыға