Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

«ИМАНҒАЛИ» МЕШІТІНДЕ КҮНДІЗГІ ХАТЫМ ОҚУ БАСТАЛДЫ

Мамырдың 17-не күллі мұсылман қауымы үшін қасиетті саналатын Рамазан айының алғашқы күні басталды.

Рақымы мен берекесі мол ай құрметіне оразаның алғашқы күні Атырау облыстық "Иманғали" орталық мешіті Құранды хатым ету дәрісін бастады. Ақсақалдар мен ақжаулықты аналарға шет мемлекеттен арнайы шақыртылған қари Садық Чордук дәріс береді. Құран хатым дәрісі жамғатпен бір айға жалғаспақ.

«Алла Тағала: «Құран оқылғанда оған құлақ салыңдар әрі тыныштық сақтаңдар. Рақымдылыққа бөленесіңдер» десе, Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) «Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп оны үйреткендерің» деп өсиет қалдырған. Құранды жақсылап оқыған, әріптерін дұрыс оқуға машықтанған әрі амал етуге тырысқан мұсылман Құранды жазуға тағайындалған мәртебелі періштелермен бірге болатынын Айша (р.а.) анамыздан келген риуаят бар. Асылында, Құран – адамзатты шексіз бақытқа жетелейтін, тура жол көрсететін, қияметке дейін өзгермейтін мәңгі мұғжиза» дейді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкіл имамы Батыржан Мансұров.

Облыстық «Иманғали» орталық

мешітінің баспасөз қызметі




 

 

 

 

Жоғарыға