Мешіт имамдарына міндеттер жүктелді
Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың тапсырмасымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкіл имамы Батыржан Мансұров Атырау қаласына қарасты мешіт имамдарын жинап, нақты міндеттер жүктеді.
Жиын барысында асыл дінімізді насихаттау, жат ағымды насихаттаушы идеологиялармен күрес мәселелері талқыланды. Сонымен бірге, жамағат арасындағы бірлікті сақтау, дін мен дәстүр сабақтастығын дәріптеу мәселелері бойынша да, Бас имам қала және қалаға қарасты елдімекендердің имамдарына нақты тапсырмалар жүктеді.
Айта кетелік, шараға Атырауға арнайы жұмыс сапарымен келген ҚР Президент Әкімшілігінің Сектор меңгерушісі Ғалым Шойкин қатысты.
Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.
