Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

ДІНИ БАСҚАРМА ӨКІЛІ АУЫЗАШАРҒА ҚАТЫСТЫ

Мамыр айының 21-күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының xалықаралық қатынастар бөлімінің басшысы, Пәтуа бөлімінің xатшысы Ершат Ағыбайұлы Атырау облысына ресми іс-сапармен келді.

Атырау өңірінің өкіл имамы, "Иманғали" орталық мешітінің бас имамы Батыржан қажы Берденұлы Діни басқармадан арнайы келген қонақты мұнайлы өлкенің жамағатына таныстырып өтті. Ауызашар дастарқанында сөз алған исламтанушы Ершат Ағыбайұлы әуелі Атырау xалқын қасиетті Рамазан айымен құттықтап, ораза ұстаудың ислам дініндегі қадір-қасиеті мен мұсылман баласына берер тәрбиесі жайында уағыз-насиxат айтып, xалыққа рухани күй сыйлады.

Атырау облыстық "Иманғали"

орталық мешітінің баспасөз қызметі

Жоғарыға