Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Бас имам мейірбан болу жайында уағыз айтты

Скачать шаблоны для cms Joomla 3 бесплатно.
Зелёные шаблоны джумла.

Кеше Атырау облыстық "Иманғали" орталық мешітінің бас имамы, филология ғылымдарының phd докторы Мансұров Батыржан Берденұлы тарауық намазына жиналған жамағатқа "Пайғамбарымыз салла Аллаһу алейһи уә сәлләмнің мейірбандылығы" туралы уағыз жүргізді.

Пайғамбарымыздың осы тақырыпта айтқан xадистері төңірегінде сөз өрбіткен өкіл имам Батыржан Берденұлы: "Алла елшісі: "Адамдарға мейірімді бола білмеген кісіге, Алла Тағала да мейірімділік танытпайды», - десе, ал енді мұсылман баласының басқа бір мұсылман кісіге қатысты қандай қарым-қатынаста болуы керектігі жөнінде былай деп айтқан: «Мұсылман мұсылманның бауыры. Сондықтан оған қатысты зұлымдық жасамайды, көмектесуден бас тарпайды және оны өзінен төмен санап қорламайды. Тақуалық мына жерде деп, кеудесіндегі жүрегінің орналасқан жеріне үш мәрте меңзеді. Адам баласы мұсылман бауырын қорлайтын болса, Алла Тағаланың алдында үлкен күнә жасаған болып табылады. Кез-келген мұсылманға, басқа бір мұсылманның жанына, мал-мүлкіне және ар-намысына зиян тигізуге болмайды (харам)». Сондықтан қадірменді мұсылман бауырлар! Иманды жан мейірбан, кешірімді, бір-бірін бауыр ретінде шын жақсы көруі керек. Бұл - иманның белігісі", - деді.

Атырау облыстық "Иманғали"

орталық мешітінің баспасөз қызметі


Жоғарыға