Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Рамазан айындағы қайырымдылық

 Рамазан – қайырымдылық айы. Бұл айдағы игі амалдың, қайырымдылық көмектің сауабы сансыз.

          Жылыой ауданы «Жылыой мұсылмандар» орталық  мешітінің ұжымы және кәсіпкерлердің қолдауымен құлшылық үйінде қайырымдылық іс-шара жүзеге асты. Іс-шара барысында  аз қамтылған он отбасыға азық-түлікпен және қаржылай көмек көрсетілді. Шараның басты мақсаты Рамазан шарапатын сездіріп, аз қамтылған отбасыларға және мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсету.

           Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) хадисінде «Рамазанның берекесі – мейірімділік көрсету мен ізгі амалдар жасаумен арта түспек.  Жетім мен жесірге, жоқ-жітікке қарайласу мұсылманның мерейін үстем қылады. Жетім мен жесірдің ас-суы мен киім-кешегі үшін көмек қолын созған кісі  Алла жолында жиһад жасағанмен, әр түнін намаз оқып, күндізін ораза ұстаумен өткізген адам сияқты» деп айтылғандай, қасиетті айда қайырымдылық жасап, сауапқа кенелуге асыққанымыз абзал.  

 

«Жылыой мұсылмандар» орталық

мешітінің баспасөз - қызметі

          

                                                                                                 

 

 

 

Жоғарыға