Ершат Оңғаров Жылыой жамағатымен кездесті.
Жылыой ауданы «Жылыой Мұсылмандар» мешітінде республикалық ақпараттық насихаттық топ мүшесі, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бөлім басшысы Е. Оңғаров «Жат ағымнан сақтану жолдары» тақырыбында уағыз жүргізді.
Кездесу барысында спикер дәстүрлі исламды қазақ даласына тарату мәселесі туралы ой қозғады. Қазіргі таңда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мұсылман жамағатын біріктіру жолындағы қызметі туралы баяндап, кездесу соңында сұрақ-жауапқа кезек берілді. Жылыой жамағатына уақытын бөліп келген исламтанушы ғалым Е. Оңғаровқа Бас имам А.Исаев ризашылығын білдірді.
"Жылыой Мұсылмандар" мешітінің
баспасөз қызметі.