Жылыой мешіті қырық отбасына көмек көрсетті.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы - Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазіреттің бастамасымен қолға алынып отырған «Рамазан – қайырымдылық айы» атты акция аясында Атырау облысы, Жылыой ауданы «Жылыой мұсылмандар» аудандық мешітінде ізгі шара болып өтті.
Шара аясында Жылыой ауданының Бас имамы А.Исаев жағдайы төмен, әлеуметтік жағынан аз қамтылған 40 отбасына азық-түлік пакетін табыстады. Рамазан айының шарапаты мен берекетін тіледі. Көмек алушылар алғыс айтып, бата берді. Ізгі амал әлде де жалғасады.
«Жылыой Мұсылмандар» Жылыой аудандық мешітінің баспасөз - қызметі.