Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Қадыр түнінің құрметіне қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды

Скачать шаблоны для cms Joomla 3 бесплатно.
Зелёные шаблоны джумла.

Қасиетті Қадыр түнінің құрметіне орай, Атырау қаласы, Жұлдыз елдімекенінде орналасқан Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешіт мұқтаж жандарға көмек көрсетті.

Көп балалы, қарт кісілер категориясындағы жалпы саны бес отбасыға азық-түлік пакетін табыстады. Мұқтаж жандарды Қадыр түнімен құттықтаған аталмыш мешіттің наиб имамы Ақылбек Құрманғалиев Рамазан айы туралы уағыз айтты.

«Рамазан  – адамды адамгершілікке, көркем мінезге, имандылыққа тәрбиелеу үшін Алланың адамға бұйырған құлшылығы. Рамазан айында адам сабырлылыққа, шүкірлікке, шыдамдылыққа, әдептілікке, тақуалыққа тәрбиеленеді. Жыл он екі ай сол деңгейде қалу үшін адам баласы тек қана ішіп-жеуден өзін тыйып, асқазан оразасын ұстап қана қоймай, Рамазан айында көзімен де, құлағымен де, аяғымен де, қолымен де, тілімен де ораза ұстауы керек. Яғни, жаман қылықтардан тыйылып, солай жалғасуы үшін иманмен, ықыласпен, құлшыныспен беріліп, шын ниет еткені абзал. Жақсылықты әдетке айналдыру адамның ішкі ниетіне және ерік-жігеріне де байланысты» деді Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешіттің наиб имамы Ақылбек Құрманғалиев қайырымдылық шарасы кезінде.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.


Жоғарыға