80 отбасыға қайырымдылық жасалды
Жетім-жесірге қамқор болу, жағдайы төмен адамдарға көмек қолын созу – исламда айырықша бағаланатын асыл қасиеттер. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) хадисінде «Су отты қалай сөндірсе, садақа да дәл солай күнәларды жояды» дейді. Осынау керемет өсиетке орай, Жылыой аудандық орталық мешіті қайырымдылық шараларын көптеп ұйымдастыруды қолға алуда.
Аталмыш ауданның Бас имамы Арман Исаевтың ұйымдастыруымен мың айдан да қайырлы Қадір түнінің құрметіне 80 мұқтаж отбасына азық-түлік үлестірілді. Шара барысында аудандағы әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандар, қарттар мен жалғызбасты мұқтаж жандар қамтылды.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бір хадисінде «Көршісі аш бола тұра өзі тоқ болған адам бізден емес» деп қайырымдылық жасауды кейінгі буынға өнеге қылып кеткен болатын.
Жылыой аудандық орталық мешіттің баспасөз – қызметі.