Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Жастар арасында Құран жарысы өтті

Жылыой аудандық Мұсылмандар мешіті және Жастар ресурстық орталығының бірлесе ұйымдастыруымен, 7-17 жастағы ер балалар арасында Құран жарысы болып өтті.  Оған қала, аудан, ауыл мешіттерінде дәріс алушы барлығы 30-ға жуық үміткер қатысты.

Сайыс Құранның соңғы отызыншы парасынан «Духа» мен «Нас» сүрелері аралығын қамтыды. Өзара бақ сынасқан шәкірттердің Құран қырағатына,  ереже бойынша дұрыс оқуына және жаттау қабілетіне мән берілді.

 

 Әділқазылардың шешімімен І орынды Құлсары қаласының тұрғыны Руслан Артур жеңіп алды. ІІ орын Жылыой орталық мешітінің шәкірті Сансызбай Мухаммадқа және ІІІ орын Үмбет Қадырға бұйырды. Жеңімпаздардың барлығына бағалы сыйлықтармен қатар, диплом табыс етілді. Бұдан бөлек, ерекше қабілетімен көзге түскен он тоғыз қатысушыға алғыс хат және ынталандыру сыйлықтары берілді.
«Жылыой мұсылмандар» мешітінің баспасөз-қызметі. 


Жоғарыға