Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Орталық мешітте күндізгі Құран – Хатым аяқталды

Айлардың сұлтаны болған қасиетті Рамазан айының соңғы күні келіп жетуіне орай, бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілдігі, Атырау облыстық «Иманғали» орталық мешітінде күндізгі Құран – Хатым аяқталды.

Қасиетті Құранды Атырау облысының Бас имамы Батыржан қажы Берденұлы өзі Хатым етті. Кейін Құран - Хатымның дұғасы жасалды.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) «Хақ тағала сендерге оразаны парыз, Тарауық намазын сүннет етті. Шын иман және ықыласпен Рамазан оразасын ұстаған және Тарауық намазын оқыған адам күнәдан анадан жаңа туған нәрестедей пәк болып тазарады» деп жеткізген.

 «Рамазан - Құран айы. Құран - адамзатты шексіз бақытқа жетелейтін, тура жол көрсететін, қияметке дейін өзгермейтін мәңгі мұғжиза. Құран - соңғы пайғамбарлықтың дәлелі, ханиф (тура) діннің үні әрі, Ислам шариғатының Ата заңы» дейді өкіл имам Батыржан қажы Берденұлы.

 Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.


 

Жоғарыға