Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Он отбасыға зекет, отыз шаңыраққа азық-түлік үлестірілді

Мұқтаж жандарға демеу болу - исламдағы негізгі шарттардың бірі. Қасиетті Рамазаннан кейін келген Ораза айт мерекесі құрметіне Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешітте қайырымдылық акциясы  өтті.

            Бір сәтте отыз отбасыға азық-түлік пакеті тапсырылды. "Айт күнін өзін мұсылман санаған әр шаңырақ ерекше жағдайда атап өтеді. Мерекелік көңіл-күй біздің мұқтаж жандарымызды да айналып өтпеуі керек. Бала-шағасына айт мерекесін сезіндіріп, келген қонақты күтуіне мүмкіндік жасау мақсатында осындай акция ұйымдастырдық. Және сол күні он отбасыға зекет берілді" дейді Атырау қаласы, Жұлдыз елдімекенінде орналасқан Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешіттің Бас имамы Ардақ Жұмабекұлы.

            Айта кету керек, шара кезінде Жұлдыз елдімекеніне қарасты Ақсай, Ақжар ауылдарындағы әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар қамтылды.

 

            Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.






Жоғарыға