Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Рухани шаралар жалғасуда

Халқымыздың діни сауатын арттыру, рухани тұрғыда жетіле түсуіне  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты барлық мешіттер айрықша үлес қосып келеді.

            Жамағаттың рухани тұрғыда дамуына бағытталған шаралар легі Атырау қаласы, Жұлдыз елдімекенінде орналасқан Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешітте де жалғасуда. Соның бірі қасиетті Қадыр түні өткен рухани кеш. Күллі мұсылман қауымы үшін береке мен сауапқа толы  саналатын Рамазан айын жоғары деңгейдегі дайындықпен өткізген мешіт ұжымы Қадыр түнінде де жамағатқа бар жағдайды жасады.

            Құптан намазының алдында аталмыш мешіттің Бас имамы Ардақ Жұмабекұлы Қадыр түні туралы уағыз айтып, ислам дініндегі бұл түннің ерекшеліктері, қасиетті түнде атқарылатын амалдар туралы кеңінен ақпарат берді. Жамағатпен бірге оқылған Тарауық намазынан кейін, мешіт жанында жұмыс істеп жатқан маусымдық сауат ашу курсының шәкірттері арасында викториналық сұрақтар ойыны ұйымдастырылды. Діни сауат ашып жатқан бүлдіршіндерге жас ерекшеліктеріне қарай түрлі сауалдар қойылып, оқ бойы озық шыққан шәкірттерге сыйлықтар тапсырылды.

            Бұл күні мешіт ауласына тігілген киіз үйлерден 300 адам ауыз ашып, 500 адамға сәресі берілді. Мешіт ұжымы атқарған игі шараларға жамағат дән риза.

            Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз қызметі.  



 

 

Жоғарыға