Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Мешіт ұжымы қариларға құрмет көрсетті

            Атырау қаласына қарасты Жұлдыз елдімекенінде орналасқан Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешіт ұжымы жамағатпен бірлесіп, қарилар Мұхаммадсолих Мирзаев пен Нұрсұлтан Сәуірбаевты құрметпен шығарып салды.

            Еске сала  кетсек, қарилар бұған дейін қасиетті Рамазан айы бойы Жұлдыз мешітінде Тарауық намазын оқып, жамағаттты ұйытқан болатын. Құрмет белгісі ретінде, қариларға шапан жауып, игі тілектерін арнаған аталмыш мешіттің Бас имамы Ардақ Жұмабекұлы Тарауық намазының сауабы туралы уағыз айтты. "Әрбір мұсылман қасиетті Рамазан айында ораза ұстап, әр түнінде Тарауық намазын оқитын болса, үлкен сауаптарға кенеледі. Оразаның бірінші кешінде Тарауық оқыса, анасынан жаңа туғандай пәк болады. Екінші кешінде  ата-анасының күнәсы кешіріледі. Үшінші кешінде Арш астындағы бір періште «Амалыңды жаңадан баста, Алла Тағала сенің алдыңғы күнәларыңды кешірді» деп сүйіншілейді" деген Бас имам Ардақ Жұмабекұлы Тарауықтың әр күніне түрлі сауап амалдар жазылғанын айтты. Қоштасу рәсімі кезінде ол қасиетті Құран Кәрімді дәріптеп жүрген қариларға сәттілік тіледі.

            Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.


Жоғарыға