Әйел жамағаты Құран жарысында бақ сынасты
«Рамазан - Құран айы» тақырыбымен «Жылыой мұсылмандар» орталық мешітінде әйел жамағаты арасында Құран жарысы өтті.
Құран жарысты Жылыой ауданының Бас имамы Арман Исаев ашып, жамағатты Ораза айт мейрамымен құттықтады.
Құранның отыз парасын жатқа айту және сүрелерді мәнерлеп оқу бойыша өзара бақ сынасқан әйел жамағаты арасында бас жүлдеге Жұмагүл Маланова ие болды.
Бірінші орынға Айша Болатова, екінші орынға Жұмагүл Орақова ие болды. Үшінші орынға Сандуғаш Керім ие болып, жеңімпаздардың барлығына мешіт тарапынан арнайы сыйлықтар табысталды. Басқа қатысушыларға алғыс хаттар мен ынталандыру сыйлықтары берілді.
«Жылыой мұсылмандар» орталық мешітінің баспасөз - қызметі.