Ізгі іске асық!
Рамазан айымен бірге Ораза айт аяқталғанымен, жергілікті тұрғындар арасында мерекелік көңіл-күй әлі де сақталуда.
Жақында Атырау қаласына қарасты Ақжар ауылы тұрғындарына айттық ас берілді. Шараны ұйымдастыруға ауыл жастарының белсене араласқандығын атап өткен жөн. Осымен үшінші жыл қатарынан беріліп келе жатқан мерекелік дастарханға Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешіт ұжымы да арнайы қатынасты. Шара кезінде аталмыш мешіттің Бас имамы Ардақ Жұмабекұлы үлкенге ізет, кішіге өнеге көрсететін мұндай ізгі бастамалардың халықты ортақ мақсатқа бастайтынын айтты.
«Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) бір өсиетінде: «Адамдардың жақсысы – елге пайдасы тигендері» деген. Адам қалай ниет етсе, сол мақсатына жетеді. Әр пенде сауапты амалымен, тақуалығымен Алланың алдында дәрежесі артады» деп атап өтті Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешітінің Бас имамы Ардақ Жұмабекұлы.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.