Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Мешіт кітапханасы жаңа әдебиеттермен толықты

Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешіт кітапхана сөрелерін жаңа әдебиеттермен толықтырды. Атырау қаласы, Жұлдыз елдімекенінде орналасқан аталмыш мешіттің Бас имамы Ардақ Жұмабекұлының айтуынша, діни кітаптар Астана қаласынан арнайы түрде алдырылған.

Әдебиеттердің арасында қайта баспаланған «Құран – Кәрім» (қазақша мазмұны қоса берілген), «Негізгі діни мағлұмат», «Пайғамбар (с.ғ.с) өмірбаяны», «Матуриди ақидасы», «Жұма уағызы», «Хадис тағылымы» сынды еңбектер бар. Мешіт жамағаты осылайша құлшылық жасаумен бірге, аталған әдебиеттермен танысып, діни білімдерін толықтыра алады.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі. 


Жоғарыға