Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Шәкірттер діни мультфильмдерді тамашалады

Бұған дейін Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінде «Иманды балдырған» жазғы сауат ашу курсы жұмысын бастағанын хабарлаған болатынбыз.

5 – 10 және 10 – 15 жас аралығындағы шәкірттер білім алып жатқан топтардағы қыз балалар жамағаты жақында елімізге белгілі «Сақ» киностудиясы түсірген мульфильмдерді тамашалады.

Бірінші мультфильмде қасиетті Құранда келтірілетін «Фил» сүресі баяндалады. «Фил» сүресі Меккеде түскен. Мультфильмде «Фил» сүресінде келтірілген піл иелерінің қиссасы баян етіледі. Олар Қағбаны бұзуға бет алады. Бірақ, Алла Тағала оларды өз қаруымен жойып жіберді. Абраһаның әскері ең әлсіз мақлұқтар арқылы жермен жексен болып жойылды. Ол құстар тұмсығы мен аяғына кішкене отты тас алып келеді. Алайда, ғажабы сол, бұл тастар қорғасын оқтан да опатты боп тиді. Ислам тарихшылары аталған тарихи оқиғаның пайғамбарымыз Мұхаммед ибн Абдулла (с.ғ.с) дүниеге келген 570 жылы болғанын айтады.

 «Сақ» киностудиясы түсірген екінші мультфильм «Ниет» деп аталады. Мультфильмнің авторы – Нұр Мүбәрак египет – ислам мәдениеті университетінің PhD доктор Мұхиддин Исаұлы. «Ештеңе тіпті, бір түйір тозаң жоқ кезде Алла Тағала бар еді. Оның бар болуының басталуы болмағанды. Ол әуелден бар. Өзі бар болғандықтан, болмысындағы ұлық сипаттар мен көркем есімдері де барлықта болды. Ештеңеге мұқтажы жоқ, өзінен өзі болатын дара жалғыз болмыс еді. Онда, дүние жаратылмағандықтан кеңістік те, уақыт та, заман да болмаған. Олай болса, Ол бұл дүниені неге жаратты? Алла Тағала өзінің сан қырлы ғажайып құпия сырларын, өзі жаратқан саналы жаратылысына танытқысы келді. Сөйтіп, Алла Тағаланың Ұлы жаратушылық құдіретімен «бол!» деп, әмір етті. Әуелі үлкен жарылыс болды. Дүние жоқтан пайда болды. Әуелі жеті қат көктер, шексіз ғарыш жаралды. Осы шексіз дүниені адам түсінігі бойынша он сегіз мың ғалам деп атады» деп, ата мен баланың арасындағы әңгімеден басталатын мультфильмде намазды оқып үйрену, ниет, бауырмашылдық хақында баяндалады.

Айта кетелік, шараны Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Әйел-қыздар» секторының Атырау өкілдігі ұйымдастырды.

 

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі. 



 

Жоғарыға