Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Иманды бүлдіршін - ұлт болашағы

Атырау облыстық орталық "Иманғали" мешіті жанынан жұмыс істеп жатқан екі айлық жазғы сауат ашу курсынан тәлім алып жүрген шәкірттер аралық сынақ тапсырды.

            Түрлі жастағы қыз балалардан құралған шәкірттер тобына ұстаздар "Сира", "Ғибадат", "Сенім", "Дұға жаттау", "Ахлақ" бойынша сабақтар өткізуде. Осы ретте аталған сынақтың шәкірттердің ілімді игеру деңгейін барлауға мүмкіндік бергенін атап өткен жөн. "Фирдаус" және "Ясин" топтарына бөлінген шәкірттер түрлі сауалдарға ұйымшылдықпен, ыждағаттылықпен жауап берді.

            Сынақ барысында шәкірттер "Ең алғашқы аят қандай?", "Ең алғашқы сүре қандай?", "Ең көркем мінезді кім?" деген сынды көптеген сауалдарға Құранда келтірілген дәлелдер бойынша жауап беріп, еркін форматта пікір алмасты. Сондай ақ, шәкірттерге ұстаздар қасиетті Құрандағы "Фил" оқиғасы бойынша кеңінен түсінік беріп, ислам тарихындағы ғибрат аларлық оқиғалармен бөлісті.

            Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз- қызметі. 


Жоғарыға