Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Құрбан айт мерекесі тамыз айының 21-і күні басталады

Биыл Арафа күні 20 тамызға келіп тұр. Қасиетті Құрбан айт мерекесі тамыз айының 21-і күні басталады. «Мұсылман әлемі үшін қасиетті саналатын ұлық мереке 24 тамызға дейін жалғасады» деп хабарлайды www.muftyat.kz сайты.

            Айта кетелік, хижри айының басталуы Түркия және Араб елдеріндегі халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалған. Сондықтан да, мүфтият «Арафа» мен «Құрбан айт» күндері араб елдерінің белгілеуімен анықталатындықтан, бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екендігін ескертеді.

            Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.


 

 

 

 

 

Жоғарыға