Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің кезекті Съезі қазан айына белгіленді

Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің кезекті Съезі ағымдағы жылдың қазан айында Астанада өтеді. «Нақтырақ айтсақ, VI дәстүрлі діндер Съезі мерзімі 10-11 қазанға белгіленіп отыр» деп хабарлайды Baq.kz сайты.

            «Съезд хатшылығы жұмыс тобының отырысына екі ұсыныс келіп түсті. Осы ұсыныстардың ішінен діни көшбасшылардың жұмыс кестесіне әрі діни мейрамдарға байланысты осы мерзім белгіленді», - дейді ҚРСыртқы істер вице-министрі Ержан Ашықбаев.

            Айта кетелік, бүгінде Астана дінаралық сұхбатының өсіп келе жатқан беделін әлем мойындайды. Қазіргі таңда Америка съездің жекелеген секцияларына модератор ретінде қатысуға дайын екеніндіктерін мәлімдеп отыр.

            Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.

 

 

Жоғарыға