Атырау мешіттері Құрбан айтқа дайындалуда
Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұровтың бастамасымен мұнайлы өлкедегі барлық мешіттер қасиетті Құрбан айт мерекесіне дайындықты бастады.
Бүгін облысқа қарасты барлық мешіттерде тазалық жұмыстары жүргізілді. Мәселен, бір ғана орталық "Иманғали" мешітінің ішкі және сыртқы тазалығына "Иман жастары" қозғалысының еріктілері атсалысты.
Осындай игі жұмыс Атырау қаласына қарасты Жұлдыз елдімекеніндегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешітте де жалғасты. Мешіт қызметкерлері мен жамағат бірлесіп, қураған шөптерді жұлып, ауланы тазалап, су сеуіп, біраз жұмыстар атқарылды.
Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.