Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Үш жүз отбасыға құрбан малының еті таратылды

          Қасиетті Құрбан айт мерекесінің құрметіне орай, бүгін орталық "Иманғали" мешітінде үш жүз отбасыға құрбан малының еті таратылды.

          Мұқтаж жандарға құрбан малының етін Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұров арнайы табыстады.

          "Құрбан айт берекенің, ізгіліктің, қайырымдылықтың мерекесі. Әдетте, Құрбан Айт намазынан кейін жамағат құрбан шалуға асығады. Осынау мерекеде науқастанған кісілердің көңілін сұрап, оларға арнайы бару, жетім-жесірге қол ұшын беру, мұқтаж жандарға да айттың шарапатын сездіру мейлінше сауапты іс. Сол себепті, мешіт ұжымы мұқтаж жандарға құрбан малын таратып отыруды дәстүрге айналдырды. Құрбан айт күні неғұрлым жоқ - жітік жандарға жәрдем қылсақ, Алла Тағала бұл қайырлы істің сауабын еселеп береді" деді орталық "Иманғали" мешітінің Бас имамы Батыржан Мансұров.

          Айта кетелік, мұқтаж жандардың барлығы көмекке зәру отбасылары ретінде  мешіттің арнайы тізіміне алынғандар.

          Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.


 

Жоғарыға