Кешірім мен кеңшіліктің мерекесі
Жылыой жұртшылығы қасиетті Құрбан айт мерекесін жоғары деңгейде атап өтуде.
Құрбан айттың ағашқы күні Алла үйіне асыға жеткен жеткіншек, жастар мен немересін жетектей келген қартқа дейін таң сәріден тілек айтып, төс қағыстырды. Сағат 07:30 -да жамағат Айт намазын орындап, Жаратушыдан елдің есендігі мен бірлігін тілеп, дұға қылды.
Жұртшылықты Жылыой ауданының Бас имамы А.Исаев құттықтап, уағыз-насихат айтып, Құрбан айттың кешірім мен кеңшілік мерекесі екендігіне тоқталды.
Ұлттық болмысымызбен үндескен мереке жылдағы үрдіспен атап өтілді. Мешіттің оқшаулы алаңда ұлттық ойын түрлерінен сайыстар ұйымдастырылды. Жамағат топ-топқа бөлініп, арқантартысты, күресіп, күшсынастырды. Сайыс жеңімпаздарына сый-сияпаттар үлестірілді.
«Жылыой Мұсылмандар» Жылыой аудандық мешітініңбаспасөз – қызметі.