Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

«Иман жастары» төрт жүз бүлдіршінге тәттілер сыйлады

Орталық «Иманғали» мешіті жанынан құрылған «Иман жастары» еріктілер тобы Құрбан айт мерекесінің құрметіне орай, балаларға тәтті тағамдар таратуда.

Құрбан айт мерекесінің бірінші күнінде Атырау қаласының Сәтпаев даңғылында орналасқан ойын алаңына 200 бүлдіршінге балмұздақ пен шырын үлестірілді. Кеше облыс орталығындағы Возкал маңы ықшам ауданындағы арбат бойында ойнап жүрген балаларға да осындай тосын сый жасалды. «Бүгін кешке аз уақыт ішінде Атырау халқының сүйікті орнына айналған Ретро парк саябағында бүлдіршіндерге сыйлық тарататын боламыз. Біздің мақсатымыз - сәбилерге Құрбан айт туралы түсінік беру. Және сәбилердің жүрегіне ізгілік нұрын себу» дейді «Иман жастары» ұйымының еріктілері.

Айта кетелік, қайырымдылық шарасына орталық «Иманғали» мешітінің жастар жамағаты  атсалысып, өз еріктерімен қаржылай қолдау көрсетті.

Пайғамбарымыз Мұхамметдтің (с.ғ.с) хадистерінде «Жейтін нәрсе сыйлаңыздар. Бұл несібелеріңізді мол айтады» деген жолдар бар. Демек, мұндай сыйлықтардың бүлдіршіндерге жасалып жатуы, нұр үстіне нұр.

 

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.

 

Жоғарыға