Қайырымдылық шаралары жалғасуда
Күллі мұсылман қауымының ұлық мерекесі Құрбан айт Атырауда заңды жалғасын тауып жатыр.
Мереке құрметіне Атырау қаласына қарасты Жұлдыз елдімекенінде орналасқан Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешітте қайырымдылық шаралары өтуде. Ұлық мерекенің алғашқы күні мешіт есебінде мұқтаж ретінде тұрған елу отбасына құрбан малының еті таратылды. Кеше жиырмаға жуық жанұяның әрқайсына салмағы бес килограмм болатын ет үлестірілді.
«Асылында, Айт мерекесінде мұндай игі амалдар жасау адамның бір-біріне деген жылылығын арттырып, сыйластықтарын жақсарта түседі. Имандылықтың артуына да септігін тигізеді. Түптеп келгенде, иманның өзі мейірімділік, ізгілік пен ортадағы берекелікті білдіріп, қоғамның ұйытқысына айналатын шарапатты мінезділікті де аңғартады. Сондықтан да, қоғамда Құрбан айт секілді ізгілік пен мейірім мерекесінің қадірін арттыруға барша азаматтардың ат салысқаны игі» дейді Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Жұлдыз ауылдық мешітінің Бас имамы Ардақ Жұмабекұлы.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.