Мешіт шәкірттеріне сертификат табысталды
«Жылыой мұсылмандары» орталық мешіті жазғы сауат ашу курсы маусымын қорытындылады.
«Имани жаз-2018» атты мектеп оқушыларына арналған сауат ашу курсының жабылу салтанатымен шәкірттерді «Жылыой мұсылмандары» орталық мешітінің Бас имамы Арман Исаев құттықтады.
Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «Бесіктен қабірге дейін білім алыңдар» деген. «Имандылық - қоғамды игілікке толтыратын ізгі құндылық. Ислам адам баласын тал бесіктен жер бесікке дейін білім алуға үндейді. Мешітте имандылық әліппесі жыл сайын өткізіліп келеді. Жеткіншектеріміздің жазғы демалыс уақытын бос өткізбей имани, рухани білім алуына себепкер болған шәкірттердің ата-аналарына айырықша алғысымды білдіремін» деді Жылыой ауданының Бас имамы Арман Исаев.
Бұдан соң шәкірттерге сертификат тапсыру рәсімі өтті. Айта кетелік, жазғы маусым кезінде шәкірттер ахлақ, дәстүр тақырыптарында ілім алды.
«Жылыой мұсылмандары» орталық мешітінің баспасөз – қызметі.