Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Орталық мешітте аға буын алқасы құрылды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойыншаөкіл имамы Батыржан Мансұров жамағатпен жұмыстың жаңаша форматын іскеқосты.


            А
қшам (Мағриб) намазынан кейін, "Иманғали" орталық мешітінде аға буынның басын қосқан Атырау облысының Бас имамы Батыржан қажы Берденұлы қазақ даласында тарихи жолменқалыптасқан мұсылмандық мектеп, "Үлкенге ізет, кішіге құрмет" көрсетудіөсиет еткен қазақ халқының тамаша болмысы, тәлім-тәрбие жолы туралы ойқозғады.
           "Т
ұтас бір ауылдың жоқ-жітігін түгендеп, азаматын атқа мінгізіп, жақсылығын асырып отыратын ақсақал аталардың" мешітте де орны бөлек. Өйткені, мешіт – Алланыңүйі. Нұр үйі. Ізгіліктің бастауы, тәлім-тәрбие ордасы. Осы ретте ардақты Пайғамбардың (с.ғ.с) мұсылманның мұсылманға бауыр, айна екенін айтып, бауырмалдықты өсиет еткенін де атап өткеніміз жөн. Олай болса, мойнымызға жүктелген осынау міндет біздің мешітімізде салтанат құрып, келер буын – жас жамағатқа бір атаның баласындай татулық, достығымыз үлгі болуы тиіс» деген Бас имам Батыржан Мансұров аға буынның жас жамағат алдындағы жауапкершілігін атап көрсетті.
               Еркін форматта
өткен басқосу барысында аға буын жастармен арадағы ынтымақты арттыру ісіне бел шеше кірісуге дайын екендіктерін жеткізді. Нәтижесінде мешітте аға буынның алқасы құрылды. Ондағы мақсат – құлшылықүйінің ішкі-сыртқы тәртібін қадағалау, тазалық жұмыстарын ұйымдастыруда жастарды жұмылдыру. Мешіттіңқайырымдық бағыттақолға алатын игі бастамаларын жүзеге асыруға белсене араласып, қоғамдық шараларды өткізуде жас жамағатқа қолдау білдіру.


             Орталы
қ "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.


Жоғарыға