Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Жұлдыз мешіті «Мектепке жол» акциясына қатысты

Республикалық деңгейде дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан «Мектепке жол» акциясы аясында, Атырау қаласының Жұлдыз елдімекеніне қарасты Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешітте қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

 

Аз қамтылған, көп балалы, мұқтаж, асыраушысы жоқ санатында тіркеуде тұрған отыз отбасының балаларына мектепке қажетті құралдар салынған оқу сөмкесі табыс етілді.

«Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаевтың «Малды ихсанда қолың қысқа болмас үшін жи» деген сөзі бар. «Ихсан» сөзінің ислам дініндегі бір мағынасы –«мұқтажға көмектесу» дегенді береді. Адам біреуге жақсылық жасау арқылы ғана өзінің бойындағы жақсы қасиеттерін сыртқа шығара алады екен. Демек, біздің мақсатымыз мұқтаж жандарға көмек қолын созу арқылы, жас ұрпақтың кедергісіз білім алуына жағдай жасау» дейді Жұлдыз елдімекеніне қарасты Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешіттің Бас имамы Ардақ Жұмабекұлы.

 

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.

 

Жоғарыға